Атырау, 27 сәуір 00:47
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Денсаулық сақтау министрлігі WhatsApp арқылы тарап жатқан ақпараттарға қатысты пікір білдірді

3 112 просмотра

Whatsаpp мессенджері мен әлеуметтік желілерде медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан адамдардың қайтыс болғаны туралы таратылған ақпараттар жалған, - деп хабарлайдыТengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтына сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрлігі ІІМ, Бас прокуратурадан және ҰҚК-ден қауесеттерге қарсы көмектесуге көмек сұрады.

"ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрілік құралдардың жанама әсеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. 2016 жылғы 19 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша аллергиялық реакция туындатып, балалардың өлім-жітіміне себеп болды деген дәрілік құралдар (амоксициллин, капесула, ибупрофен (суспензия), алклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, балаларға арналған панадол және санасол) туралы ешқандай шұғыл мәлімет келіп түскен жоқ", - делінген сайтта жарияланған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін Whatsapp мессенджері мен әлеуметтік желілерде осы тәріздес шындыққа жанаспайтын ақпарат бірнеше рет таратылған болатын. Осыған орай ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Бас Прокуратурасына және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жалған ақпаратты таратудың жолын кесуге шара қолдану туралы хат жолдаған болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

19 қыркүйек 2016, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.