Атырау, 7 мамыр 06:23
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қазақстанның сыртқы қарызы - 10,9 триллион

1 395 просмотра

Фото: kapital.kzҰлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев (суретте) Қазақстанның мемлекеттiк борышы 10,9 трлн теңгеге жеткенін және оның бұдан әрі өсуiне жол бермейтінін айтты. Бұл туралы министр Мәжiлiсте «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асу барысына арналған Үкiмет сағатында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.

«ҰЭМ алдына мемлекеттiк борыштың өсуiне жол бермеу мiндетiн қояды. Бүгiнгi күнi Қазақстанның мемлекеттiк борышы әлемнiң басқа елдерiмен салыстырғанда төмен деңгейде. 2016 жылдың 1 шiлдесіндегi жағдай бойынша жиынтық мемлекеттiк борыш 10,9 трлн теңгеге жетті. Бұл – 2016 жылғы ЖIӨ-ге шаққанда 24,6 пайыз, оның iшiнде iшкi борыш ЖIӨ-ге шаққанда 13,5 пайыз және сыртқы борыш ЖIӨ-ге шаққанда 11,1 пайыз», - дейдi министр.

Оның айтуынша, 2017-2019 жылдары мемлекеттiк борышты қолайлы деңгейде ұстап тұру үшiн республикалық бюджет тапшылығын 2017 жылы 1,2 пайызға, 2019 жылға қарай 1,0 пайызға дейiн төмендету жоспарланып отыр.

Дереккөз: BNews.kz

19 қыркүйек 2016, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.