Атырау, 21 желтоқсан 23:11
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстан Соломон аралдарын ойсырата ұтып, футзалдан ӘЧ плей-офф кезеңіне шықты.

2 532 рет қаралды

prosportkz.kzКолумбияда футзалдан өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы Соломон аралдарын 10:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Футболшыларымыз 4 голды алғашқы таймда салды. Үзілістен кейін тағы 6 доп соғып, қарсыластарын шаң қаптырды.

Гол соққан футболшылар: Арнольд Кнауб (9 және 22-минуттарда), Дуглас (16 және 29-минуттарда), Павел Таку (28 және 29-минуттарда), Александр Довгань (4-минутта), Лео (18-минутта), Илья Мун (29-минутта) және Николай Пенгрин (38-минутта).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы матчта Аргентина футболшыларына 0:1 есебімен жол берді. Екінші кездесуде Коста-Риканы 3:1 есебімен ұтып, 1/8 финалға жолдама алды. Қазақстандықтардың бұл кезеңдегі алғашқы қарсыласы өз тобының үздігі Испания құрамасы. Ойын қыркүйектің 21-інен 22-іне қараған түні сағат 4:30-да өтеді.

Дереккөз: BNews.kz

19 қыркүйек 2016, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.