Атырау, 6 мамыр 18:14
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қазақстан экономикалық еркіндік индексінде 52-ші орынға жайғасты

1 946 просмотра

Фото: altaynews.kzҚазақстан экономикалық еркіндік индексінде әлемнің 159 елі арасында 52-орынға ие болды. Тиісті индексті канадалық Фрейзер институты (Fraser Institute) жариялаған, деп хабарлайды BNews.kz.

Биыл рейтингте Гонконг, Сингапур, Жаңа Зеландия, Швейцария, Канада, Ирландия, Біріккен Араб Әмірліктері көш бастап тұр. Алғашқы ондықты Австралия мен Ұлыбритания тұйықтаған.

Қазақстан аталған рейтингте Қырғызстан (70), Молдова (99), Ресей (102), Әзербайжанның (107) алдын орап, 52-ші орынға тұрақтаған. Елдің экономикалық еркіндігіне баға беретін халықаралық сарапшылар Украинаны 135-ші орынға қойған.

Экономикалық еркіндік индексі – жыл сайын Wall Street Journal газеті мен Heritage Foundation зерттеу орталығы есептейтін көрсеткіш. Экономикалық еркіндік талдауы 1995 жылдан бері өткізіліп келеді.

Экономикалық еркіндік индекстері:

Бизнес еркіндігі;

Сауда еркіндігі;

Салық еркіндігі;

Үкіметке тәуелді болмау;

Ақша еркіндігі;

Инвестиция еркіндігі;

Қаржы еркіндігі;

Меншік құқығын қорғау;

Жемқорлықтан арылу;

Еңбек қатынастарының еркіндігі.

Дереккөз: BNews.kz

19 қыркүйек 2016, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.