Атырау, 25 маусым 05:30
 дождьВ Атырау +25
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Назарбаева: Мен туралы биліктің мұрагері деп әңгіме айту - спекуляция

2 977 рет қаралды

Фото: newskaz.ruДариға Назарбаева биліктегі мұрагерлік туралы айтылып жүрген болжамдарды спекуляция деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі.

"Қазір Қазақстандағы биліктің кімге берілетіні жайлы әңгімелер көп айтылып жүр", - деді журналистер сенатор Дариға Назарбаеваға жоғары палата отырысынан кейін.

"Бұл қазір ғана айтылып жүрген жоқ. 25 жыл бойы айтылып келе жатыр", - деп нақтылады Назарбаева.

"Сіз өзіңізді мұрагер ретінде көресіз бе?", - деп тағы сұрақ қойды БАҚ өкілдері.

"Мен өзімді Отанына адал еңбек ететін қызметкер ретінде және Президенттің командасындағы азамат ретінде көремін. Себебі қазір айтылып жүрген барлық болжамдар тек спекуляция", - деді Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы.

Айта кетейік, бүгін, 16 қыркүйекте Дариға Назарбаева Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне басшы болып тағайындалды.

Дереккөз: Тengrinews.kz


16 қыркүйек 2016, 21:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.