Атырау, 8 ақпан 19:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Дариға Назарбаева Сенатта қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерін басқаратын болды

2 794 рет қаралды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының алқа мәжілісінде Дариға Назарбаева Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы болып сайланды,- деп хабарлады Қазақпарат.

Айта кетейік, өткен аптада Дариға Назарбаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен ҚР Парламенті Сенатының депутаты қызметіне ауысқан болатын.

Оның кандидатурасын ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында Палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

«Біз бәріміз білеміз, бұл кісінің бұл салада тәжірибесі мол. Сондықтан талқылаудың қажеті жоқ шығар», - деді Қ. Тоқабаев.

Қаулыны депутаттар бірауыздан қолдады.

«Дариға Нұрсұлтанқызы, комитет төрайымы ретінде сенаттың жұмысына жаңа серпін бересіз деп бәріміз сенеміз», - деді ол.

Дереккөз: Іnform.kz

16 қыркүйек 2016, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.