Атырау, 21 желтоқсан 23:22
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қарағандыда қылмыстық топ тұрмысы төмен отбасынан шыққан қыздарды жезөкшелікке жеккен

1 825 рет қаралды

Қарағандыда қылмыстық топ тұрмысы төмен отбасынан шыққан қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, сотталушы осыған дейін сотталған азаматтармен келісіп, олармен бірге арнайы жоспар құрған. Олар тұрмысы төмен отбасынан шыққан қыздарды тауып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Сонымен қатар, қылмыстық топ жеңгетайлықпен айналысқан.

Қылмыстық істі зерттеу барысында сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы ("Бас бостандығынан заңсыз айыру") мен ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы ("Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша айыпты деп танылды. Сот үкімімен ол төрт жыл алты айға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: Tengrinews.kz

16 қыркүйек 2016, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.