Атырау, 8 мамыр 07:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Өзге қалада тіркеусіз жүрген азаматтарға 10 мың теңге көлемінде айыппұл салынады

2 494 просмотра

Фото: ekaraganda.kzТіркеуге тұрудың әлегі. Елімізде уақытша басқа қалаға қоныс аударған тұрғындарды тіркеуге қою міндеттелмек. Ішкі істер министрлігі бұл қадам терроризммен күресуде септігін тигізеріне сенімді. Ұсыныс Мәжілісте айтылды,- деп хабарлады 24.kz.

Есіл бойына елорда қонған жылы халық саны 300 мыңға да жетпеген. Бүгінгі жағдай бөлек. Бар-жоғы 20 жылдың ішінде бас қаладағы тұрғындар миллионнан асты. Сарыарқа төсіне қоныс аударушылардың бірсыпырасы туған-туысқандарының пәтеріне тіркеуге тұрса, басым бөлігі ғаламтордағы арнайы қызметтің көмегіне жүгінеді. Ғаламторда тіркеуге тұрғызам деген жарнамалардан көз сүрінеді. Одан бөлек шаһардағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жанында өз қызметтерін ұсынғандар нөмірлерін іліп тастаған. Кейбіреулері камераны көріп, жарнамаларын жыртып, өзін жарияламауға тырысты. Ал телефон арқылы тілдескен келіншекпен кездескенде оның пәтерінде 20 тұрғын тіркелгенін білдік. Мұндай кәсіптен нәсіп тапқандардың қызметін заңсыз деп айтуға келмейді. Қанша адамды, кімді тіркеймін десе - өз еркі. Бастысы, салыққа салғырт қарамауы тиіс. Бірақ сіз ол баспанаға 100-тұрғын болып тіркелуіңіз де мүмкін.

Қалалық көші-қон полициясы басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваның айтуынша, шектеу жоқ: - Тіркеу институтын жетілдіруіміз керек. Біз Астананың әкімдігімен бірлесіп, өз ұсынымызды айттық. Арнайы санитарлы жүйе болуы тиіс. Ол бойынша 15 шаршы метрге бір адамнан келеді. Бірақ бұл әзірге елордаға ғана қатысты. Жүйенің шикі тұстарын жетілдіру әзірге уақыт еншісінде. Ал астаналық атанғысы келетін тұрғындар тіркеуге тұру үшін бірнеше жолды таңдай алады. Біріншісі – пәтер иесімен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығына бару. Егер электронды қолтаңбаңыз болса, egov порталы арқылы да шаруаңызды тындыра аласыз. Сонымен бірге жұмыс орнына немесе жалдамалы пәтерге тіркеуге тұруыңызға мүмкіндік бар.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша Астана осы жазда миллионыншы тұрғынмен толықты. Бірақ олардың қаншасы ресми тіркелгені жөнінде айту қиын. Біз тұрғындардан ақша төлеп тіркеуге тұруға қалай қарайтыны туралы сұрап көрдік. Полиция тіркеусіз жүрген азаматтарға алдымен ескерту жасайды. Егер қоныс аударғанына 3 ай болып, құжаттарын реттемесе, оған 10 мың теңге айыппұл салынады. Бір жыл ішінде заңбұзушылық қайталанса, 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл қарастырылған.

Дереккөз: 24.kz

16 қыркүйек 2016, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.