Атырау, 7 мамыр 20:48
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Промоутер Головкин - Альварес кездесуінің қашан болатынын айтты

2 489 просмотра

Сауль Альварес. Фото: vesti.ruМексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің мүддесін қорғайтын промоутер Оскар Де Ла Хойя оның қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуінің қашан өтетінін айтты, - деп хабарлады Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Промоутердің пікірінше, "Канело" орта салмақта жұдырықтасуға дайын болғанда ғана қазақстандықпен қолғап түйістіреді екен. "Адамдар Головкин - "Канело" жекпе-жегін сұрап жатыр. Пакьяо - Мэйвезер кездесуін олар 8 жыл бойы күткен. Жекпе-жек келесі жылы өтеді, біз сол кезде дайын боламыз. "Канело" 154 фунтта жұдырықтасады, ал Голоовкин 160 фунтта. "Канело" орта салмақта жұдырықтасуға дайын болғанда біз осы жекпе-жекті ұйымдастырамыз", - деді Оскар Де Ла Хойя.

Еске салайық, Головкин орта салмақта WBC белбеуін Альварес иемденген кезде онымен кездесуге міндетті үміткер болған еді. Ал биыл мамыр айында Әмір Ханды жеңген "Канело" рингсайдта тұрып, Головкинды жекпе-жекке шақырған еді. Алайда бірнеше күннен кейін мексикалық жұрт күтпеген мәлімдеме жасады - ол WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартып, белбеу Головкинге өткен еді.

17 қыркүйекте Альварес WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы ағылшын боксшысы Лиам Смитпен кездесу өткізеді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


16 қыркүйек 2016, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.