Атырау, 7 мамыр 19:35
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Түркиялық ұшқыштар бортта мас күйде шу шығарған үш қазақстандықты Ақтау әуежайына түсіріп кетті

1 809 просмотра

Фото: newskaz.ru«Анталья-Алматы» әуе рейсін орындаған Түркия әуе компаниясы ұшағының ұшқыштары мәжбүрлі түрде Ақтау әуежайына қонып, тәртіп бұзушыларды полицияға тапсырды,- деп хабарлады Қазақпарат.

Нақтырақ айтқанда, Ақтау халықаралық әуежайына 12 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00:16-да ATLAS JET\ATLAS GLOBAL әуе компаниясының К6755 чартерлік рейсі келіп қонған.

«200 жолаушыны тасымалдап келе жатқан ұшақ экипажы борттағы үш жалаушының кесірінен Ақтау әуежайына қонды. Олар мас болып, қасындағы адамдарды, бортсеріктерді балағаттаған», - делінген Көліктегі ІІД хабарламасында.

Анықталғандай, айқай шығарған үш жолаушы Алматы облысының тұрғындары болып шықты.

«Олар Көліктегі ІІД-ге тапсырылды. Оларға қатысты ұсақ тәртіп бұзу туралы әкімшілік хаттама толтырылды», - деді ведомство баспасөз қызметінде.

Аталған ұшақ сол түні 12 қыркүйек сағат 3:22-де сапарын жалғастырды.

Дереккөз: Іnform.kz

15 қыркүйек 2016, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.