Атырау, 7 мамыр 09:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Илья Ильиннің Лондон Олимпиадасындағы алтын медалі ирандыққа берілуі мүмкін

2 302 просмотра

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинның Лондон Олимпиадасында жеңіп алған алтын медалі бесінші орын алған ирандық Саед Мохаммадпуруға бұйыруы мүмкін. Жақында Халықаралық ауыр атлетика Федерациясы (IWF) 2012 жылы өткен Лондон Олимпиадасында қола медальды иеленген молдовиялық Анатолий Кырыктан допинг табылғаны айтылған болатын - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Осыған дейін Лондон Олимпиадасының чемпионы Илья Ильин мен екінші орын алған ресейлік Александр Ивановтан да допинг табылғаны мәлім болды. Барлық ауыр атлеттер уақытша жарыстардан шеттетілді. Оларға қатысты шешім әлі шыққан жоқ. Бірақ медальдарынан айыру мүмкіндігі мол. Басқа ауыр атлеттерге осыған дейін дәл сондай қатаң жаза қолданылған болатын.

Егер бұл шешім қабылданса, Ильяның алтын медалі бесінші орын алған ирандық Саед Мохаммадпуруға бұйырады. Ал, сегізінші орын алған кореялық Ким Мин Джэ күміс жүлдегер атанса, тоғызыншы орын алған польшалық Томаш Зелинский қола жүлдені қанжығаға байлайды.

Дереккөз: Baq.kz

15 қыркүйек 2016, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.