Атырау, 22 желтоқсан 00:48
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Назарбаев Қашағанның қашан іске қосылуы мүмкін екенін айтты

2 465 рет қаралды

Қазақстан Президенті Қашағанның іске қосылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, мұнайдың бағасы жақсы жаққа өзгеруі мүмкін.

"Қашаған биыл іске қосылады. Мүмкін қазан айында жұмысын бастайды. Қазіргі уақытта мұнай бағасы баррель үшін 50 доллар. Бұл біз үшін жақсы баға", - деді Назарбаев.

Осыған дейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2016 жылдың қазан айында Қашағанды іске қосуға мүмкіндік беретін шараларды атаған болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

14 қыркүйек 2016, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.