Атырау, 22 желтоқсан 00:47
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Адвокат Тоқтар Төлешовтің кінәсін мойындағанын растады

2 825 рет қаралды

Тоқтар Төлешовтің адвокаты өткен аптада Facebook желісінде кәсіпкердің кінәсін мойындағаны жазылған құжаттың шынайы екенін растады,- деп хабарлады Tengrinews.kz. Бұл туралы TOpress.kz басылымы жазған.

Евгений Яворский өзінің басылымға берген сұхбатында әлеуметтік желілерде таралған құжатты расында да Төлешовтің өзі жазғанын мәлімдеді. "Құжат құпияланған. Оны көре алмаймын. Бірақ бұл хаттамаларды Төлешовтің өзі толтырғанын айта аламын", - деді заңгер.

Сонымен қатар, Яворский Төлешовтен ешқандай да қысым болмағанын айтты. "Ол тергеушілерге түсініктемелерді ешбір қиындықсыз берді. Маған еш шағымданған жоқ. Физикалық және психикалық қысым көрсетілген жоқ. Интернетте пайда болған құжаттардан-ақ оны кінәсін мойындағанын дәлелдейді", - деп қорытындылады сөзін адвокат.

Дереккөз: Tengrinews.kz


14 қыркүйек 2016, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.