Атырау, 17 мамыр 11:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Матаевтың ісі бойынша судьяның дәлел ретінде алынбайтын нәрселерді алып отырғаны оның кәсіби біліксіздігін көрсетеді – сарапшы

2 056 просмотра

Алматы. 13 қыркүйек. ҚазТАГ. Астананың №2 Есіл аудандық сотының төрағасы Ақболат Құрмантаевтың Сейтқазы Матаевтың ісі бойынша дәлел ретінде тергеушінің туысы жасаған сараптаманы алып отырғаны оның кәсіби біліксіздігін көрсетеді, деп есептейді «Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро» кеңесінің төрағасы Евгений Жовтис.

«Судья заң тұрғысынан ашқан осы өзінің жаңалығын қалай негіздейтінін көргім келер еді. Бұл жерде оны есепке алмау толығымен негізделген, ал судья не өзінің толық біліксіздігін танытып отыр, не қылмыстық-процессуалдық нормаларға көзін жұмып қарау арқылы өзінің осы істегі мүдделігін танытып отыр. Ал сараптама жүргізуге құқығы жоқ адамнан алынған дәлел заңды деп есептелінбейді және оған сілтеме жасауға болмайды. Ондай адам сараптамаға кіріскен сәттен оның заңдық күші болмайды», - деді Е. Жовтис сейсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.

Бұл ретте ол, ондай сараптаманы қылмыстық-процессуалдық кодекс қолдануға жарамайтын дәлел деп есептейтінгін қадап айтты.

«Судья немесе сарапшы сот процессіне қатысушының туысы бола алмайды, ол ҚПК-дегі анықтамасының өзінде солай деп көрсетілген. Және ондай дәлел әу-бастан есепке алынбайды деп қарастырылып, ондай адам анықтама бойынша сараптамашы бола алмайды. Қылмыстық-процессуалдық кодексте басқа ешқандай жол көрсетілмеген», - деп түсіндірді Е. Жовтис.

Е. Жовтис атап өткендей, судьяның дәлел ретінде тергеушінің туысы жасаған сараптаманы алып отырғаны, оның кәсіби біліксіздігіне қатысты мәселені Жоғарғы сот кеңесінің қарастыруына толығымен негіз бола алады.

«Бұл жоғарғы сот кеңесі, сот төрелері үшін оның біліктілігін қарастыруға негіз бола алады. Заңсыз жолмен алынған дәлелдерді мойындап отырған судьяның біліктілігі қаншалықты болуы мүмкін, тергеушінің туысы болып табылатын сарапшының жасағанын қолдануға жарамды деп тұрса? Ол жалпы қалайша шешім шығара алады? Ол қолдануға жарамсыз барлық дәлелдерді де қолдануға жарамды деп тауып және солардың негізінде сот шешімін шығара алады, ал олар анықтама бойынша заңсыз, себебі қолдануға болмайтын дәлелдерге негізделген», - деді Е. Жовтис.

Бұған дейін хабарланғандай, сотқа 2 қыркүйекте ІТ-технология бойынша маман ретінде шақыртылған Марғұлан Дүзелдіков Алматыдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Асылбек Әбдірайымовтың бөлесі болып шықты.

А. Әбдірайымов Қазақстан журналистер одағының төрағасы С.Матаев пен ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың ісі бойынша жедел-тергеу тобының құрамына кіреді. А. Әбдірайымовтың жедел-тергеу тобына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының тергеу департаментінің басшысы С.Перовтың 2016 жылғы 17 ақпандағы қаулысымен енгізілген. Ал М.Дүзелдіковпен таныстық фактісі олар түскен суретпен расталады. Суретте М. Дүзелдіков ортада, А. Әбдірайымов – оң жақта тұр.

Судья А. Құрмантаев қорғаушылар жағының куә М. Дүзелдіковты соттан аластату туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Дереккөз: ҚазТАГ

13 қыркүйек 2016, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.