Атырау, 17 мамыр 12:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы бекітілді

2 658 просмотра

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы бекітілді, - деп хабарлайдыТengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов ‑ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов ‑ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев ‑ Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі;

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев ‑ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова ‑ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек ‑ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов ‑ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы ‑ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев ‑ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев ‑ Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды. Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі болып тағайындалды. Асқар Мамин ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.

"Ұзаққа созбаймыз, жаңа министрлер мәселесін шешеміз. Айтарлықтай өзгерістер болмайды деп есептеймін, себебі үкімет өз жұмысын қиын кезеңде істеп жатыр, қойылған тапсырмаларды орындап жатыр. Барлығымыз жақсы жұмыс істеуіміз керек", - деді Назарбаев.

Дереккөз: Tengrinews.kz

13 қыркүйек 2016, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.