Атырау, 19 мамыр 14:18
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ЭКПО-2017 көрмесіне билет сатып алуға 5 тур компаниямен келісімшартқа қол қойылды

1 519 просмотра

Фото: Baq.kz«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерді тарту мақсатында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы үстіміздегі жылдың 4-11 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы бойынша ақпараттық турлар өткізді, деп хабарлайды Baq.kz.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық тур операторлар Қазақстанға келді. Іс-шараға Ресей, Қытай, Еуропа, Азия, ТМД елдерінен «Росс Тур», «CITS» «Alessandro Rosso Group», «Monaco Ukraine Group» және т,б, тур операторлар қатысты. Ақпараттық турлар 5 бағыт бойынша (ұлттық парктер мен тарихи-мәдени орындар, космодром т.б.) ұйымдастырылды.

Ақпараттық тур «Астана ЭКСПО-2017» бұл бағыттағы серіктестерін, яғни шетелдік туроператорларды мемлекетіміздің көрікті жерлерімен таныстыруды көздеген болатын. Олар еліміздің батыс өңірі, Ұлы Жібек жолы, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларын аралап қайтты.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарына арналып жасалған 73 туристік маршрут бойынша қарастырылған жерлерде болды. Сонымен қатар, өңірлердің «Жол картасы» мен визит картасы әзірленді.

ЭКПО-2017 көрмесіне 74 мың билет сатып алуға 5 тур компаниямен келісімшартқа қол қойылды.

Дереккөз: Baq.kz

13 қыркүйек 2016, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.