Атырау, 19 мамыр 14:44
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Головкинның бапкері оның келесі қарсыластарының есімдерін жариялады

1 766 просмотра

Фото: vesti.kzGGG бапкері Абель Санчес орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен келесі жекпе-жектерді өткізетін қарсыластарының есімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Келл Брукпен болған жекпе-жектен кейін Головкин орта салмақтағы WBO титулының иесі Билли Джо Сондерспен кездескісі келетінін айтқан. Ұлыбританиялық боксшы бұл ұсынысты қабылдады. Сондай-ақ қазақстандық боксшымен WBA (Regular) чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс пен орта салмақтағы ұлыбританиялық Крис Юбенк жекпе-жек ұйымдастырғысы келетіндерін мәлімдеген.

Осыған дейін, Головкиннің келесі жекпе-жегі қараша айының соңында Лос-Анджелес қаласында өтуі мүмкін екендігі хабарланған. Санчес потенциалды қарсыластардың есімін жариялаған болатын. "Геннадийдің келесі жекпе-жегі қараша немесе желтоқсан айларында өтеді. Оның келесі қарсыласы бәсекелесуге қабілетті, Брук секілді болуы тиіс. Сондерс? Мүмкін. Фанаттар сондай тартысты жекпе-жекті тамашалауға лайықты. Юбенк? Мұндай кездесу де мүмкін, алайда бұл промоутерлерге байланысты, Кристің өзі және әкесі келісе алады ма. Лондонға қайтып келсек тамаша болар еді, мұндай шулы қолдаумен Сондерспен немесе ДиГейлмен кездесу ұйымдастыруға болады", - деді Санчес iFL TV арнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ Дүниежүзілік бокс ассоциациясы (WBA) Головкинді титулдарын қорғау үшін Джейкобспен кездесуді міндеттеді. Екі жақтың келісім шарттар жасасуына 30 күн берілген. Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің айтуынша, егер олар Джейкобспен келісе алмаса, олар Сондерспен жекпе-жек ұйымдастыруға кіріспек.

Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

13 қыркүйек 2016, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.