Атырау, 6 мамыр 14:19
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі болып тағайындалды

2 974 просмотра

Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев әр жылдары өңірлік даму министрі, экономикалық даму және сауда министрі қызметтерінде болған. Павлодар облысының әкімі қызметін атқарды. 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.

Еске салайық, кеше, 8 қыркүйекте Кәрім Мәсімовтің ҰҚК төрағасы болып тағайындалғаны хабарланған болатын. Ал ҰҚК бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Назарбаевтың айтуынша, министрлер кабинетінің отставкасынан кейін заң бойынша үкімет отставкаға кетеді. Сонымен қатар, үкіметтің қазіргі құрамы үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенше өз міндеттерін атқаратыны айтылды. Кейін елбасы жаңа үкімет құрамында айтарлықтай өзгерістердің болмайтынын мәлімдеді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


9 қыркүйек 2016, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.