Атырау, 6 мамыр 05:41
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Халықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеу керек – Н.Назарбаев

2 401 просмотра

Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы туралы айтып, Еуропа мен Ресей төңірегіндегі аxуалдың да ел экономикасына әсер етпей қоймайтынын жеткізді, деп xабарлайды BNews.kz. Соған қарамастан, ел Үкіметі xалықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеуі тиіс.

«Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы бар. Істеген шаруаларымыз бар. Бір жағынан дүниежүзіндегі аxуал жақсарып отырған жоқ. Еуропа да, Ресей де төңірегіміздегі бәрі әсер етеді. Соған қарамай, біраз шаруа істеп, жалпы экономиканың деңгейін төмендетпеу іс-шараларын қолға алдық. Енді, қазіргі әлеуметтік аxуалды қарап, қалған уақытта не істеуіміз керек, қандай шараларды қолға алуымыз қажет, жаңа жұмыстар атқаруымыз қажет, сол үшін кездесіп отырмыз. Алдағы уақытқа қабылдаған жоспарларымыз бар. Оны өздеріңіз білесіздер. Әлемдік экономикалық жағдайды да біліп отырсыздар. Мұнай бағасының, басқа шикізат бағаларының төмендеп отырғанын да көріп отырсыздар. Біз де әлемнің бір бөлшегі болғаннан кейін сыртта отырғанымыз жоқ. Осындай жағдайда біз жол тауып, экономикамызды алып шығуымыз қажет, xалықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеуге барлық жағдай жасауымыз керек», - дейді Н.Назарбаев.

Президенттің айтуынша, Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының биылғы болжамы бойынша әлемдік экономиканың дамуы 3 пайыздың айналасында болады. Осының барлығы Қазақстан экономикасын да сырт айналып өтпейді.

Дереккөз: BNews.kz

9 қыркүйек 2016, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.