Атырау, 22 желтоқсан 02:11
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Зүлфия Ғабидуллина - паралимпиада чемпионы

1 771 рет қаралды

Фото: Akbars.kzРиода өтіп жатқан паралимпиада ойындарында қазақстандық 50 жастағы спортшы Зүлфия Ғабидуллина 100 метрге еркін әдіспен жүзуден алтын алды. Ол бұл қашықтықты 1:30.07 минутта жүзіп өтіп, әлем рекордын орнатты. Күміс медаль қытайлық Пенг Куипинг (1:34.71), қоланы украиналық Ольга Свидерска (1:34.86) иеленді,- деп хабарлады Азаттық.

Ғабидуллина паралимпиадаға бір аяғы не бір қолы жұмыс істемейтін спортшыларға арналған S3 категориясы бойынша қатысып жатыр. Ол алты жасында жол апатына ұшырап, бір аяғы сал болып қалған. Жүзгіш 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында да алтын алған.

Бұл - Қазақстанның жазғы паралимпиададағы алғашқы медалі. Осыған дейін Қазақстан бұл жарыста медаль алмаған еді. Қазір бұл ел жалпы есепте 16-орында тұр.

Дереккөз: Аzattyq.org

9 қыркүйек 2016, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.