Атырау, 6 мамыр 05:36
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Назарбаев жаңа үкімет жайлы: Айтарлықтай өзгерістер болмайды

2 105 просмотра

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтегі өзгерістер жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Назарбаев Мәсімовтің ҰҚК басшысы қызметіне тағайындалуының терроризм қатерінің күшейген кезеңінде өзекті екенін түсіндірді.

"Қазір үкімет отставкада. Ұзаққа созбаймыз, жаңа министрлер мәселесін шешеміз. Айтарлықтай өзгерістер болмайды деп есептеймін, себебі үкімет өз жұмысын қиын кезеңде істеп жатыр, қойылған тапсырмаларды орындап жатыр. Барлығымыз жақсы жұмыс істеуіміз керек", - деді Назарбаев. Ол алда Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі келе жатқанын еске салды.

Кеше Кәрім Мәсімовтің ҰҚК төрағасы болып тағайындалғаны хабарланған болатын. Ал ҰҚК бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.

Дереккөз: Тengrinews.kz


9 қыркүйек 2016, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.