Атырау, 6 мамыр 14:27
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қазақстанда ауыр қылмыстар жасалу ықтималдығы барысында байланыс желілеріне шектеу енгізіледі - ҰҚК

1 794 просмотра

Қазақстанда ауыр қылмыстар жасалу ықтималдығы барысында байланысқа шектеулер енгізілуі мүмкін,- деп хабарлады Қазақпарат.

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизм және терроризм мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қолқобаев мәлімдеді.

«Заң жобасы аясында «Байланыстар туралы» заңына да өзгерістер енгізу көзделеді. Атап айтқанда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға кейінге ысыруға болмайтын, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасалу ықтималдығы зор оқиғаларға орай байланыс желілеріне, олардың желілері мен байланыс құралдарының жұмысын тоқтатуға мүмкіндік беру қарастырылады. Сонымен қатар, дәл осындай шаралар Бас прокуратураға 24 сағат барысында ескерту хабарламасын бере отырып, қылмыстық топтардың әзірленіп жатқан қылмыстары немесе ықтимал қылмыстары бойынша да қабылданатын болады», - деді ҰҚК өкілі.

Бұдан бөлек, ұялы байланыс желілерінде бірдей IMEI-кодтарды пайдалануды және Қазақстанға абоненттік құрылғыларда бірдей осындай кодтарды пайдалануға жол бермеу мақсатында еліміздің аумағында қызмет көрсететін және елімізге әкелінетін барлық құрылғылардың IMEI-кодтарының бірыңғай базасын құру қарастырылады. Бұнымен қоса, пайдаланушылардың абоненттік нөмірлеріне қатысты тіркеулер енгізу жүргізіледі.

«Бұл шара құқық қорғау және арнайы органдардың қызығушылық танытқан нысандарды жедел анықтауға, елімізге контрафактілік өнімдердің келуін төмендетуге, бөтеннің затын ұрлаудың алдын алуға септігін тигізбек. Тіркеуден өтпеген абоненттік нөмірлерді анықтау үшін өкілетті органға байланыс қызметінің абоненттері туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етіледі», деді М. Қолқобаев.

Дереккөз: Іnform.kz

8 қыркүйек 2016, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.