Атырау, 6 мамыр 02:05
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қорғас халықаралық орталығының басшысы 2 айға қамалды

2 307 просмотра

Фото: Аzattyq.orgҚорғас халықаралық шекаралас ынтымақтастығы орталығының президенті, пара алу күдігіне ілінген Василий Ни екі айға қамалды деп хабарлады Азаттық Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа қарағанда, Василий Ниді қамау туралы санкцияны Алматының Медеу аудандық №2 соты шығарған. Ниді қамауды коррупцияға қарсы қызметтің жедел-тергеу тобының жетекшісі сұраған.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 5 қыркүйекте 1968 жылы туған Василий Нидің "бір миллион доллар пара алу кезінде" ұсталғанын хабарлаған. Құзырлы органдар Ни қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-тармағында айтылған ("аса ірі көлемде пара алу") қылмысты жасады деген күдікке ілінгенін айтады.

Бюро ақпаратына қарағанда, Қорғас орталығының басшысы өзіне бағынышты инвесторлармен жұмыс бөлімінің жетекшісі М.Сайдуллаев арқылы "Хоргос Тюльпан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілінен тендер нәтижесін оң шешіп беру үшін бір миллион доллар пара алған. "Пара "Хоргос Тюльпан" халықаралық орталық аумағында 5-санатты қонақүй кешенін салу конкурсында жеңіп шығу үшін берілген" дейді коррупцияға қарсы қызмет.

Дереккөз: Аzattyq.org

8 қыркүйек 2016, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.