Атырау, 20 мамыр 00:22
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Айыппұл мөлшері жоғары болса, жол апаты азаяды – IIМ

1 790 просмотра

Ереже бұзған көлiк жүргiзушiлерiне салынатын айыппұл мөлшері жоғары болса, жол апатының саны азаяды. Бұл туралы ҚР IIМ министрiнiң орынбасары Рашид Жақыпов «Жол жүрiсi туралы» ҚР Заңына өзгерiстер енгiзу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

ҚР IIМ министрiнiң орынбасары Рашид Жақыпов Мәжiлiс депутаты Мұхтар Тiнiкеевтiң көлiк жүргiзушiлерiне салынатын айыппұл көлемiн азайту туралы ұсынысына жауап бердi. Оның айтуынша, айыппұл жоғарылағандықтан, заң бұзушылықтар мен жол апатының саны азайған.+

«2013-2014 жылдары «Жол жүрiсi туралы» заң қабылданды, заң мен кодекстерге өзгерiстер енгiзiлдi. Олар жол ережесiн бұзған көлiк жүргiзушiлері мен жаяу жүргiншiлердi жазалауды күшейтуге бағытталды. 2013 жылы жол-көлiк оқиғасының саны 14 мыңнан 23 мыңға артқан, оларда 3 мың 307 адам қаза болып, 29 мыңнан астам адам жараланған. Заңды күшейткеннен кейiн елiмiзде жолдағы жағдай жақсарды. Қазiргi таңда елiмiздегi автопарк 2011 жылдан берi миллионға артса да, жол апатының саны бiршама азайған. 2016 жылдың 8 айында жол апатының саны 3,1 пайызға төмендеген. Қазiргi таңда 11 мың 553 оқиға тiркелді», - дедi Р.Жақыпов.

IIМ өкiлi «жол полицейлерi көлiк жүргiзушiлерден ақша жинаумен ғана айналыспайтынын» атап өтті.

Айта кетейік, бүгiн қарастырылған заң жобасы арқылы ҚР «Жол жүрiсi туралы» және Әкiмшiлiк құқықбұзушылықтар туралы кодекстiң бiрқатар нормасына 15 түзету енгiзу көзделген. Заң жобасында негiзiнен жол жүру ережесiн бұзуға қатысты кейбiр нормаларды жұмсарту мен айыппұлдарға қатысты мәселелер қаралуда.

Дереккөз: BNews.kz

7 қыркүйек 2016, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.