Атырау, 22 желтоқсан 02:09
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сабақтан қашқан оқушылардың ата-анасы айыппұл төлейтін болды

2 454 рет қаралды

Сабақтан қашқан оқушылардың ата-анасы айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы"Астана" телеарнасына Өскемен қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы Ернұр Рахимов айтып берді,- деп хабарлады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, бір реттік айыппұл 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бұл 15 мың теңгеге жуық қаражат. Ал сабақтан қашу фактілері қайталанса, ата-аналарға 42 мың теңгеден аса ақша төлеуге тура келеді.

"Өскемен қалалық ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы: 127-ші бап бойынша әкімшілік айыппұл белгіленеді. 60 сағат бойы сабақты босатса, әкімшілік айыппұл 7 АЕК. Жағдай қайталанса, екінші айыппұл 20 АЕК көлемінде болады. Қазір материал жинап жатырмыз. Көршілерінен сұраймыз. Егер негіз болса, ата-ана құқығынан айырамыз", - деді ІІБ кәмелетке толмағандар ісі инспекциясының инспекторы.

Алайда кейбір ата-аналар бұл айыппұлдардан да қорқатын емес. Амалы таусылған өскемендік ұстаздар полицейлермен бірге "Балаларды мектепке қайтарайық" атты акция ұйымдастырып, үй-үйді аралады. Сабаққа бармайтын балалардың ата-аналары негізінен ішімдікке салынғандар екен.

Дереккөз: Tengrinews.kz

7 қыркүйек 2016, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.