Атырау, 20 мамыр 02:41
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мәжіліс терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіруге бағытталған заң жобасын өндіріске алды

2 293 просмотра

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы» жұмысқа алынды,- деп хабарлады Қазақпарат.

Еске сала кетсек, Парламенттің жаңа сессиясын ашу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев депутаттардың назарын терроризмге қарсы күрес бойынша заңнама жетілдіріп, құқық қорғау шараларын қабылдау қажеттігіне аударған еді. Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасы бойынша экстремизмге және терроризмге қарсы тұру, қарсы барлау қызметі, дактиоскопиялық және геномдық тіркеу, елдің ақпараттық қауіпсіздігін нығайту мәселелері бойынша 7 заң жобасы әзірленіп, Мәжіліске енгізілетіні айтылған еді.
Президент елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын байыппен, тыңғылықты қарап, жыл соңына дейін қабылдауды ұсынған.
«Елбасы сессияны ашу барысында осы заң жобаларының маңыздылығы туралы айтқан болатын. Заң жобасының мақсаты терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл, қару-жарақ айналымы және көші-қонды реттеу саласындағы қолданыстағы заң жобасын жетілдіру болып отыр. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және оған көрсетілген мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Дереккөз: Іnform.kz

7 қыркүйек 2016, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.