Атырау, 21 желтоқсан 13:26
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ОҚО: Мақтарал ауданында жеті ауыл әкімі пара алу күдігімен ұсталды

3 431 рет қаралды

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында жеті ауылының әкімі парамен ұсталды. Бұл туралы Азаттыққа мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, Мақтарал ауданының ауыл әкімдері мектепке дейінгі ұйымдармен бірлесіп «Балапан» және «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» мемлекеттен бөлінген 100 миллион теңгеден астам қаржыны талан-таражға салған.

«Лауазымды тұлғалар мектепке дейінгі мекеме басшыларымен бірігіп, тәрбиеленушілердің жалған тізімін жасаған. Бір баланы бірнеше балабақша тәрбиеленушілерінің тізіміне енгізіп, бала санын қолдан көбейткен. Осылайша жұмсалатын шығын көлемін өсірген» деп жазады департамент хатында.

Департаменттің мәліметінше, «Жаңа жол» ауылдық округінің әкімі У. Сатыбалдиев есепшісі К. Омаровпен және «Айсана ана» мен «Жас Шуақ» ЖШС-ның басшысы А. Биболовпен келісіп бюджеттің 39,8 миллион теңгесін жымқырған.

Департамент Мақтарал ауданындағы Жаңа жол, Мырзакент, Атакент, Еңбекші, Жамбыл, Иржар, Қалыбекова ауылдық округінің әкімдері жалпы сомасы 4 миллион 920 мың теңге пара беру кезінде ұсталғанын айтады. «Әкімдер қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін департамент мамандарына пара бермек болғаны» да мәлімделді.

Дереккөз: Аzattyq.org

6 қыркүйек 2016, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.