Атырау, 8 ақпан 23:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

«Байқоңырда» 6 мектеп қазақстандық білім беру стандартына көшті

2 152 рет қаралды

Фото: kapital.kz1 қыркүйектен «Байқоңырда» 6 мектеп қазақстандық білім беру стандартына көшті. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақша қазақстандық білім беру стандартына көшті. Барлығына да облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жаңа материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілді. Онда жұмыс істейтін ұстаздардың жалақысы ресейлік стандартпен есептелінген бұрынғы айлықтарынан өскендігі байқалады», - деді ол.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір Байқоңырдағы 6 мектепте 4755 бала білім алып, ал 1 балабақшада 177 бала тәрбиленуде.

Р. Рүстемовтің айтуынша, бүгінде Байқоңыр қаласында 40 мыңнан астам Қазақстан азаматы тұрып жатыр.

Дереккөз: BNews.kz

6 қыркүйек 2016, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.