Атырау, 12 қазан 15:22
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Сейтқазы Матаев инсульт алудың алдында жатыр

2 030 просмотра

Алматы. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев инсульт алудың алдында жатыр, деп мәлім етті адвокат Андрей Петров.

«Дәрігерлер С. Матаев инсульт алдында жатыр деп мәлім етті. Томография оның миының қан тамырларының нашарлағанын көрсетіп отыр», - деді А. Петров дүйсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.

Бұл ретте ол сот басталғалы бері С. Матаевтың қан қысымы өте жоғары болып отыр деп атап өтті.

«Ол бір апта сотқа қатыса алды және ол кезде оның қан қысымы 210-220 болып тұрды және 190-нан төмен түспеді», - деді А. Петров.

Ол қорғаушылар жағы соттан бірнеше рет С. Матаевтың медициналық мекемелерге барып, толық ем алуын сұрады, бірақ сот оны ешқандай негізсіз қанағаттандырмады, деді.

Еске салсақ, Астанада 23 тамызда С. Матаев пен Ә. Матаевтардың басты сот отырысы басталғанды. Сот процессін Астана қаласының №2 Есіл аудандық сот төрағасы Ақболат Құрмантаев жүргізуде. Отырыс барысында С. Матаевтың жағдайы нашарлап кетті. Оның қан қысымы көтерілді. Сотқа жедел жәрдем шақырылып, сот отырысында үзіліс жарияланды. Одан кейін судья сот отырысы 24 тамызға 09.30-ға ауыстырылады деп жариялады.

ҚР журналистер одағының төрағасы С. Матаев шұғыл түрде медициналық онкология орталығының кардиология бөліміне «қан қысымы көтерілген» деген диагнозбен жатқызылуына байланысты сот отырысы 29 тамызға шегерілді.

Ал бүгінгі сот басталмай тұрып С. Матаевтың қан қысмының көтерілуіне байланысты, ол қайтадан ауруханаға жатқызылып, келесі сот отырысы 11 қыркүйекке шегерілді.

Дереккөз: ҚазТАГ

6 қыркүйек 2016, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.