Атырау, 6 мамыр 07:02
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Т.Төлешовке қатысты басты сот талқылауы 14 қыркүйекте өтедi

1 878 просмотра

Тоқтар Төлешовке қатысты басты сот талқылауы 14 қыркүйекте жабық түрде өтедi. Бұл туралы ҚР Әскери сотының баспасөз хатшысы Ерлан Ахметжанов брифинг барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«2016 жылдың 28 тамызында Астана қаласының қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери сотының қарауына Т.Төлешовке және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық iс келiп түстi. Қылмыстық iске 25 сотталушы, 16 қорғаушы-адвокат қатысуда. Т.Төлешов адам ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру, билiктi күшпен басып алуды немесе билiктi күшпен ұстап тұруды, ҚР-ның конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, экстремистiк топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетiне қатысу, қарақшылық, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу секiлдi қылмыстар мен басқа да бiрқатар қылмысты жасады деп айыпталып отыр. Осылайша, оған 16 қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн айып тағылуда», - дедi Е.Ахметжанов.

Е.Ахметжановтың айтуынша, 2-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi Iлияс Бақтыбаев пен полиция генрал-мойоры Хибратулла Досқалиев және бiрқатар лауазымды тұлға жауапқа тартылуда. Қалған 19 сотталушы қылмыстық кодекстiң әртүрлi баптарымен айыпталған. 13 сотталушы қамауға алынған, 12 сотталушы қолхатпен босатылды.

«Қылмыстық iстiң көлемi 300 томды құрайды. Iс бойынша 104 куәгер, 17 жәбiрленушi және 2 жәбiрленушi өкiлi бар. Сотқа қылмыстық iс «құпия» белгiсiмен түстi. Бүгiн өткiзiлген алдын ала тыңдау қорытындысы бойынша iс сот өндiрiсiне қабылданып, басты сот талқылауы 2016 жылдың 14 қыркүйегiне белгiлендi. Iс материалдарында мемлекеттiк құпия мәлiметтердiң болуына байланысты сот жабық түрде өтеді. Iстi Қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы Ербол Ахметжанов қарайды», - дедi баспасөз хатшысы.

Атап өтсек, Тоқтар Төлешов – «Дархан Груп» ЖШС, «Шымкентпиво» ЖШС, «Үдеу Өрлеу» қоғамдық ұйымының басшысы.

Дереккөз: BNews.kz

5 қыркүйек 2016, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.