Атырау, 6 мамыр 14:33
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды

2 626 просмотра

Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды. Орта жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы отандасымыз кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (суретте) 29 қазанда Алматы қаласында өзінің 22- кездесуін өткізеді,- деп хабарлады Baq.kz.

Қарсыласы Ганалық Патрик Аллотей (Patrick Allotey). Кәсіпқой бокста «Улы жебе» лақап атымен танылған боксшы осы уақытқа дейін 36 кездесу өткізген. 2 рет жеңіліп, 34 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. 24 кездесуінде қарсыласын нокаутпен жеңген.

Соққысы жойқын, тәжірибелі Патрик Аллотеймен Қанат Ислам WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Бұл кездесу осы жылдың айтулы оқиғасы болмақ. Жекпе-жек Алматы қаласында «Almaty arena» спорт кешенінде өтеді. Бас демеуші «ZHERSU» корпорациясы.

Отандасымыз кәсіпқой боксшы Қанат Ислам осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан. Лақап аты «Қазақ». Бокс кешінде басқа да қазақстандық кәсіпқой боксшылар жұдырықтасады деп жоспарлануда. Бокс кешінің билеттері жақында сатылымға шығады.

Дереккөз: Baq.kz

5 қыркүйек 2016, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.