Атырау, 6 мамыр 11:06
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

9 қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді - ҚР Президенті

1 402 просмотра

9 қыркүйекте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді,- деп хабарлады Қазақпарат. Бұл туралы ҚХР-дың Ханчжоу қаласындағы Елбасының брифингісінде белгілі болды.

«Дамушы елдерді ауқымды жұмыссыздық алаңдатуда. Ғылыми-техникалық прогресс пен технологияның дамуға байланысты адамдардың көпшілігі қысқартуға ұшырады (...) Мұның бәрін Қазақстан ескеріп, ойға түйіп, алдын ала шаралар қолдануы тиіс. Яғни, ортақ шешім мынау: Қазақстанды индустрияландыру, мұндай қиын кезеңдегі біздің мемлекеттік инвестицияларға қатысты бағдарламаларымыз өте дұрыс. Жұмыссыздықтың төмен деңгейін сақтап тұру, жаңа жұмыс орындарын ашу және дағдарыспен күрестен экономикалық өсуге бет алу керек. Дәл осы мәселені 9 қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында талқылаймыз», - деді Н.Назарбаев журналистерге G20 саммиті барысында әсерлерімен бөлісе отырып.

Еске салсақ, 1 қыркүйекте Н. Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға келді. Бірінші сессияда Мемлекет басшысы жаһандық экономика мәселелерін шешу жолдары туралы өз болжамдарын айтты.

Дереккөз: Іnform.kz

5 қыркүйек 2016, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.