Атырау, 6 мамыр 15:22
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

ӘЧ-2018 іріктеу кезеңі: Қазақстан құрамасы Польшамен тең ойнады

2 319 просмотра

Фото: ReutersФутболдан Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің бірінші ойынында Польшамен тең ойнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-сілтеме жасап.

Бүгін "Астана Арена" стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Ойын барысында қазақстандық футболшылар екі доп айырмасымен жеңіліп жатқан еді.

Бірінші тайм поляктардың басымдығымен өтті. Есеп тоғызыншы минутта-ақ ашылды. Жартылай қорғаушы Бартош Капустка көзге түсті.

Ал 18-ші минутта командалар арасында текетірес болды, оның барысында Роберт Левандовски мен Сергей Малый ескерту алды.

31-ші минутта Аркадиуш Милик қақпа бағанасына дәл тигізді. Ал 35-ші минутта поляктар екінші голды соқты. Қорғаушы Елдос Ахметов айып алаңында Левандовскиді құлатты. Поляк ойыншысы 11 метрлік айып добын сәтті орындады - 0:2. Сөйтіп, бірінші тайм осы есеппен аяқталды.

Ал екінші таймда Қазақстан құрамасының футболшылары есеп айырмасын қысқартып, кейін тіпті де тең есепке жеткізді. 51-ші минутта Сергей Хижниченко бірінші голын соқса, 58-ші минутта дубль тіркеді.

Қалған уақытта екі команда да қауіпті сәттер ұйымдастыра білді, қазақстандықтар да, поляктар да допқа сенімді иелік ете бастады. Мәселен Якуб Блащиковски 84-ші минутта штангаға тигізді.

Осылайша, Қазақстан мен Польша 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бір-бірден ұпай алды. Сонымен қатар, қазақстандықтар бірінші рет поляктармен тең ойнады - осыған дейін бұл командадан құрамамыз үш рет жеңілген болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz


5 қыркүйек 2016, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.