Атырау, 22 желтоқсан 03:45
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Зағипа Балиева педофилдерді өлім жазасына кесу керек деп есептейді

3 062 рет қаралды

Фото: prokuror.gov.kzПедофилдерге өлім жазасы кесілуі мүмкін. Мәжіліс депутаты, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева осылай деді. Айтуынша, балаларға зәбір көрсеткендер әуелі заң аясында жазаланады,- деп хабарлады Baq.kz.

Astana TV-ның хабарлауынша, мәжілісмен бұларға қатысты заң әлсіз екенін мойындайды. Осыған орай алдағы уақытта құжатқа тағы да өзгерістер енгізілмек. Егер осыдан кейін де қылмыс қатары азаймаса, өлім жазасын қолданамыз, - деп қосты депутат.

Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:

Заңды қатаңдату керек. Себебі қазір оннан он бес жылға дейін түрмеге жібереді. Меніңше, бүкіл өмірге түрмеге жабу керек. Бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайы әлі де ауыр екенін айтты. Көп қан жоғалтқан сәби есін жияған жоқ. Жақында ол санавиациямен Астанаға жеткізілген болатын.

Дереккөз: Baq.kz

2 қыркүйек 2016, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.