Атырау, 19 сәуір 06:58
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

ҰҚК басшысы Қазақстанда ұсталған радикал топтың мүшелері жайлы айтып берді

1 516 просмотра

Фото: pm.kzҰсталған радикал топтың мүшелерінің бір-бірімен байланысы жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҰҚК басшысы Владимир Жұмақанов мәлімдеді.

"Екі күннен кейін біз журналистерге брифинг ұйымдастырып, барлығын айтамыз. Ешкім жарақат алған жоқ. Ұсталғандардың барлығы Қазақстан азаматы. Барлығы діни ағымның ұстанушылары. Бір-бірімен байланысы жоқ", - деді Жұмақанов.

"Егер де біз терроризм үшін қамауға алсақ, олар террористік қылмысты жасауды жоспарлаған болып шығады. Олар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шабуыл жасады. Мен қазір осыны ғана айта аламын", - деді ҰҚК басшысы.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 12-30 тамыз аралығында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары аумағында үш радикалды топтың іс-әрекеттеріне тосқауылтосқауыл қойған болатын.

Сот санкциясына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының 10 тұрғыны және Ақтөбе облысының 11 тұрғыны қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

1 қыркүйек 2016, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.