Атырау, 20 сәуір 12:14
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Назарбаев парламентке заң сапасын жақсартуды тапсырды

2 073 просмотра

Астанада алтыншы шақырылымдағы Қазақстан парламенті екінші сессиясын бастады. Сессияны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты,- деп хабарлады Азаттық.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиын кезінде Назарбаев парламент депутаттарына заң сапасын жақсартуды және заң қабылдағанда халықтың пікірімен санасу керектігін ескертті.

"Былтырғы жаңа реформаларды жалғастырып, сөзбен емес іспен жұмыс істейтінімізді әлемге дәлелдеуге тиіспіз. Парламент өзіне жүктелген тарихи міндеттін абыроймен атқаратынына сенемін. Дегенмен, кезек күттірмейтін заңдар деп, былтырғыдай заңның сапасын жоғалтып алмайық. Осы естеріңізде болсын" деді ол.

Назарбаев депутаттарға заң қабылдамас бұрын халықты заң туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етіп, түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізу керектігін де ескертті.

Дереккөз: Аzattyq.org

1 қыркүйек 2016, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.