Атырау, 12 қаңтар 15:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Оралдағы изоляторда күдіктінің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

2 557 рет қаралды

Орал қалалық ішкі істер басқармасының уақытша оқшаулау изоляторында өзіне-өзі қол жұмсаған күдіктінің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде,- деп хабарлады Азаттық.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 23 тамыз күні сағат 09.15 шамасында ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігіне сәйкес (ұрлық) ұсталған А.Қабиев керуеттің екінші қатарынан төменге қарай басымен құлаған. Миы езіліп, басынан ауыр жарақат алған А.Қабиев сол күні облыстық ауруханада сағат 23.00-де көз жұмды.

Аталған дерек ҚР ҚК 105-бабына сәйкес (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) Орал қалалық ішкі істер бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Дереккөз: Іnform.kz


31 тамыз 2016, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.