Атырау, 20 сәуір 11:22
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Нұрсұлтан Назарбаев G-20 Саммитіне қатысады

1 997 просмотра

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің 1-5 аралығында Ханчжоу қаласында өтетін G-20 Саммитіне қатысу үшін ҚХР сапармен барады,- деп хабарлады BNews.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шақырған болатын. Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, осы сапар барысында Мемлекет басшы Н.Нзарабаев ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, онда Астана мен Бейжің ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, Саммит аясында делегациялар басшыларымен бірқатар келіссөздер өтпек.

Жалпы, «Үлкен жиырманың» Ханчжоудағы жиынына 19 мемлекеттің басшылары қатысады. Сондай ақ, Испания мен Сингапурдың премьер-министрлері және БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Халықаралық еңбек ұйым секілді ірі халықаралық ұйымдардың басшылары да шақырылған.

Анықтама: G-20 – немесе «жиырманың тобы» деп аталатын әлемдегі экономикасы ілгері кеткен алып державалардың клубы. Оған дамыған және дамушы елдердің үкіметтері мен орталық банктері мүше. Ұйымға Австралия, Аргентина, Бразиялия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия, Франция, Оңтүстік Корея, ОАР, Жапония және Еуроодақ мүшелікке енген. Саммитке бұдан басқа да, ірі халықаралық ұйымдар бақылаушы ретінде қатысады.

Әлемдік ұлттық өнім үлесінің 85%, әлемдік сауданың 75%, дүниежүзі халқының үштен бірі осы G-20 – елдерінің үлесінде.

Дереккөз: BNews.kz

31 тамыз 2016, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.