Атырау, 26 сәуір 16:00
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Батумиде 108 қазақстандық турист қалды

2 181 просмотра

Фото: pravda.ruГрузияның Батуми қаласында Қазақстанның тағы да 108 турисі қалып отыр. Олар таяу уақытта елге оралады. Бұл туралы Инвеситицияар және даму министрінің туризм жөніндегі кеңесшісі Тәңірберген Бердоңғаров мәлім етті,- деп хабарлады Қазақпарат.

«(Батумиде) 108 адам қалды», - деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Батумиден ұшып шыққан 100 адамы бар екінші рейс бүгін Астананың халықаралық әуежайына аман-есен қонды. Ал қазақстандық туристерді елге жеткізетін үшінші рейс бүгін түстен кейін Батумиден ұшып шығады деп күтілуде. Рейсті Bek Air компаниясы орындайды.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамыздан бастап 300-ге жуық қазақстандықтар Батумиден Қазақстанға ұша алмады. Қазақстанға рейстерді тоқтату «SKYBUS» авиакомпаниясының әуе кемелерін әзірлеушілердің ұшу жарамдылығы директивін орындамауына байланысты қалыптасты. ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің ақпаратына сәйкес 4 тамызда «SKYBUS АҚ бірінші басшысымен мәжіліс өтті. Жиын барысында 15 тамызда туристік фирмаларға қызмет көрсету шешімі қабылданды.

Бұдан басқа, ААК тұрақты қадағалау бағдарламасының аясында ұшу жарамдылығы директивін орындау мерзімдерін сақтау бойынша сәйкессіздік анықталды. Осыған орай, 26 тамызда «SKYBUS» АҚ Bombardier CL-600-2B19 «борттық нөмірі UP-CJ009 және UP-CJ010) әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының сертификаттарын тоқтата тұру шешімі қабылданды.

Дереккөз: Іnform.kz

31 тамыз 2016, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.