Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев «Қазақтелеком» АҚ бас әкімші директоры Батыр Маханбетәжиевпен мекемені пиарлау үшін деп бөлінген қаражатты жымқыру мақсатында кездескен жоқпын деп мәлім етті, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Батыр, сіз есіңізге түсіріңіз. Мен сізбен 2010 жылы да, 2011, 2012 және 2013 жылы да кездескен жоқпын. Мен сізбен кездеспесем, сіз қалай кездесу болған дей аласыз!», - деді С. Матаев дүйсенбі күні сотта куәға қаратып.
«Ол болған еді ғой! Қалайша болмады дейсіз?», - деп таң қалды Б. Маханбетәжиев.
«Сізде куәгерлер бар ма, бейнебақылау, немесе, айталық, менің сіздің кабинетіңізде болғанымды растай алатын куә бар ма? Мен сіздің кабинетіңізге 2014 жылы ғана бір топ ағылшын журналистерін апарғам», - деп мәлімдеді С. Матаев.
«Қазақтелеком» өкілі оны тексеру үшін мекемеге келген адамдарды тіркейтін журналды ашып тексеру керек деді. Сондай-ақ ол атқарылған жұмыс актілері мен шот-фактураларды тексермегенін айтты.
«Біз коммуникациялық стратегиямызды іске асыру мақсатымызға қол жеткіздік. Ол солай. Мен оны жарияланған мақалалар арқылы, және дер кезінде баспа беттерінде жариялау арқылы қол жеткіздік деп есептеймін (...), ал қоғамдық бірлестік (Ұлттық баспасөз клубы – ҚазТАГ) пен «Қазақтелеком» арасындағы келісімшартқа келсек, осы жерде баға тым артығымен жазылған деп айта аламын», - деп түсіндірді ол.
Өз кезегінде С. Матаев «бағасы артығымен» деген терминді түсіндіруді сұрады.
«Бізге қазір қызмет көрсетіп жатқан компанияның бағасы баспа БАҚ-тардың ұсынатын баға-парақшаларында (прайс-лист – ҚазТАГ) көрсетілген деңгейде. 2011-ден 2013 жылдары баға бұдан артық болатын», - деп жауап берді Б. Махамбетәжиев.
С. Матаевтың адвокаты Андрей Петров қорытындысында: - «Егер бюджеттен асып кетпесе, тапсырыс көлемі орындалса, ал «Қазақтелеком» АҚ өкілі олардың өздеріне ұсынған бағамен келіссе, қаражатты жымқыру деген не?, - деген сауал тастады.
Еске салсақ, сотта мекемені пиарлауға деп бөлінген «Қазақтелеком» АҚ қаражатын жымқыру эпизодына қатысты куәлардан жауап алу басталды.
Дереккөз: ҚазТАГ
В Атырау -1