Атырау, 19 мамыр 15:35
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Лилия Рах Өзбекстан азаматын ұрлады деп күдіктелуде

2 050 просмотра

Лилия Рах. Фото: glamour.ruАлматыда сән бизнесіндегі танымал кәсіпкер Лилия Рах Өзбекстан азаматын ұрлауға күдіктелуде,- деп хабарлады Қазақпарат.

Қала ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылдың 9 шілдесінде Н. есімді азамат Алматы полициясына 33 жастағы Өзбекстан азаматының із-түссіз жоғалғаны жөнінде шағым түсірген.

«Жедел тергеу кешенді шараларын жүргізу барысында У. есімді азаматтың ұрланғаны және жалға алынған пәтерлердің бірінде зорлықпен ұсталынып отырғандығы анықталды. Полиция бөлімдерінің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде іздеудегі адамның қай жерде екендігі анықталды және ол құтқарылды. Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа күрес басқармасының қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт адамды ұстады. Олардың ішінде Лилия Рах та бар», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. .

Қазір, ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу кезеңі барысында күдіктілерге қатысты тұтқындау түрінде бұлтпартпау шарасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Лилия Рах 27 шілдеден 27 қыркүйекке дейінгі мерзімге қамауға алынды. Айтқандай, Sauvage Лилия Рахтың даулы тарихын қауесет деп атады, оның айтуынша, кәсіпкер демалыста жүрген.

Дереккөз: Іnform.kz

24 тамыз 2016, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.