Атырау, 10 мамыр 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Әсет Исекешев Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер мен көлік кілттерін табыс етті

2 219 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешев Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке, күміс медаль иегерлері - Гүзел Манюрова мен Василий Левитке пәтер мен көлік кілттерін табыс етті.

"Қазақстанның артқан сенімін ақтадыңыздар, ел намысын қорғадыңыздар, Сіздер нағыз батырсыздар! Шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер! Бүгін көріп отырсыздар, қаншама xалық Сіздерді күтіп алуда. Барша ел, барша жұрт осы уақыттары өздеріңізге жанкүйерлік етті. Сіздер xалқымыздың үмітін ақтап, төртжылдықтың басты додасында абыройлы 22-орынға қол жеткіздіңіздер. Мен баршаларыңызды, Сіздердің бапкерлеріңізді, ата-аналарыңызды осынау керемет жеңістеріңізбен құттықтаймын!", - деді ол бүгін Астана әуежайында спортшыларды салтанатты қарсы алу шарасында. - Ең бастысы - Сіздер болашақ Олимпиада чемпиондары, мыңдаған баланың жүрегінде спортқа деген ынтаны жани білдіңіздер! Осының барлығы Мемлекет басшысының дені сау, спорттық ұлтты қалыптастыру бағытындағы саясаты үшін маңызды".

Дереккөз: Іnform.kz

24 тамыз 2016, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.