Атырау, 10 мамыр 14:53
 ашықВ Атырау +13
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Сейтқазы Матаевтың қан қысымы 245/110 болып, ауруханаға жеткізілді; сот отырысы ауыстырылды

1 872 просмотра

Фото: Қазақстан жаңалықтары АААстана. 23 тамыз. ҚазТАГ – Мирхат Әжігалиев. ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың қан қысымы 245/110 болып, ауруханаға жеткізілді; сот ауыстырылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Сейтқазы Матаевтың қан қысымы көтеріліп кетті, «жедел жәрдем» шақырдық, дәрігерлер оны ауруханаға жеткізеді. Ары қарай не болатынын білмейміз», - деді Астананың №2 есіл аудандық сотының төрағасы Ақболат Құрмантаев.
Бұл ретте ол процесс куәлеріне қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес, сотқа шақырту бойынша келуге міндетті екенін еске салды.

«Бұл өмір, бұл объективті жағы, сіз де келдіңіз, сізден өтінеріміз, ертеңге дейін қалыңы, күтіңіз. Ертең сіздердің барлығыңызды сағат 09.30-да күтеміз», - деді А. Құрмантаев.

Өз кезегінде қалалың «жедел-жәрдем» фельдшері Мәди Ерзатов С.Матаевтың қан қысымының түспей тұрғанын атап өтті.
«Қысымы түспей жатыр. Біз қазір оны стационара парамыз, ары қарай солар шешеді. Ол сот отырысында отыра алмайды. Оның басы айнаып отыр. Оны Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығына апарамыз», - деді М.Ерзатов.
Адвокат Мәдина Бакиеваның айтуынша, С.Матаевтың «қан қысымы жоғары көтеріліп кеткен: 245/110».

Еске салсақ, Астанада С. Матаев пен Ә. Матаевтың басты сот отырысы басталды. Сот процесін Астана қаласының №2 Есіл аудандық сот төрағасы Ақболат Құрмантаев жүргізуде. Сот отырысына бірнеше куә келді, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-ның басты әкімшілік директоры Батыр Маханбетәжиев, блогерлер, бірқатар БАҚ, сондай-ақ халықаралық сөз бостандығын қорғау «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің өкілі қатысып отыр.

Дереккөз: ҚазТАГ


23 тамыз 2016, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.