Атырау, 10 мамыр 15:03
 ашықВ Атырау +13
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

250-ге жуық құқық қорғаушы мен белсендіге қоқан-лоқы көрсетілген

2 195 просмотра

Фото: dndz.tv2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың шілдесіне дейін 247 құқық қорғаушы мен белсенді, 39 заңды тұлғаның қызметіне байланысты оларға қауіп-қатер төнген. Қоқан-лоқы көрсетілгендердің ішінде қоғам белсенділері, журналистер, қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар, адвокаттар, кәсіподақ және діни бірлестік өкілдері бар. Бұл туралы бүгін Астанада өткен конференция барысында айтылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бүгінгі конференция құқық қорғаушылар мен белсенділерді қорғау бойынша ұлттық тетікті енгізу мәселелерін талқылауды көздейді. Мұндай тетіктер әлемдік тәжірибеде бар. Еуразияда Қазақстан осы мәселе ашық талқыланып жатқан бірінші ел болып отыр. Ең бастысы, бізде барлық қажетті жағдай – тиісті заңнама бар. Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекет аталмыш бастама – құқық қорғаушыларды қорғау бойынша ұлттық тетікті қолдауға қаражат бөле алады», - деп атап өтті конференцияда «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігі директорының міндетін атқарушы Анар Ыбыраева.

Өз кезегінде «Адам құқықтары» бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаева атап өткендей, құқық қорғаушылар адам құқықтарын қорғап, ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. Оның айтуынша, көп ретте олардың қызметі қауіп-қатермен байланысты.

«Құқық қорғаушылардың қауіпсіздігі жөніндегі мониторинг көрсеткендей, соңғы бірнеше жылда елімізде түрлі қоқан-лоқыға ұшырайтын белсенділер саны өсіп келеді. Бұл жағдай үлкен алаңдаушылық тудырып, құқық қорғаушыларды жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде қорғаудың қажеттілігін тағы бір рет дәлелдейді. Құқық қорғаушылардың бостандығы мен құқықтарын қорғау мен ынталандыру бойынша негізгі жауапкершілік мемлекеттің мойнында болғаны жөн», - деді ол.

Айта кетсек, 2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың шілдесіне дейін 247 құқық қорғаушы мен белсендіге, 39 заңды тұлғаға қатер төнген. Олардың ішінде қоғам белсенділері, журналистер, қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар, адвокаттар, кәсіподақ және діни бірлестік өкілдері бар. Алматы, Атырау, Астана, Орал қалаларының белсенділеріне өзгелерге қарағанда көбірек қоқан-лоқы көрсетілген.

Дереккөз: BNews.kz

23 тамыз 2016, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.