Атырау, 25 маусым 08:27
 дождьВ Атырау +23.6
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Қазақстан мен Польша жаһандық күн тәртібі бойынша бірыңғай ұстанымда - Нұрсұлтан Назарбаев

2 277 рет қаралды

Фото: akorda.kzҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Премьер-Министрі Беата Шидломен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды қамтитын негізгі бағыттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде екі ел ұстанымының ортақтығы Қазақстан-Польша диалогын жүйелі түрде өрбіту үшін қолайлы негіз болатынын атап өтті.

Б.Шидло Астанамен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту Польшаның Орталық Азиядағы сыртқы саяси бағдарының басымдығы бар бағыты екенін айтты.

Дереккөз: Аkorda.kz

23 тамыз 2016, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.