Атырау, 2 мамыр 08:28
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қайта тестілеуден өткен талапкерлердің жартысынан астамы межелі балды жинай алмады

1 743 просмотра

19-21 тамыз аралығында еліміздің барлық өңірінде кешенді тестілеуді қайта тапсыру өтті. Емтихан 37 базалық жоғары оқу орнында орналасқан тестілеу пунктерінде өткізілді. Алайда тесті қайта тапсырған түлектердің жартысынан астамы шекті балды жинай алмады, деп хабарлайды BNews.kz.

Тестілеуге мына санаттағы азаматтар қатысты:

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) кезінде шекті балл жинай алмағандар;

ҰБТ-ға қатыспағандар;

Талапкерлердің кешенді тестілеуіне (ТКТ) қатысып, шекті балл жинай алмағандар;

ТКТ-ге қатыспағандар;

ҰБТ және ТКТ нәтижесі жойылған азаматтар.

Тестілеуге 41801 талапкер (қатысуға өтінім бергендер саны – 45025) қатысты, оның 27306 – қазақ тілінде оқуға ниетті адамдар, 14495 – орыс тілінде оқуды таңдағандар.

Тестілеу нәтижелері бойынша 23778 адам (56,884%) межелі балды жинай алмады.

ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 104 талапкер тестілеуден шеттетіліп, олардың нәтижелері жойылды.

Биыл талапкерлерді моральды-психологиялық тұрғыдан қорғап, олардың жоғары білім алу мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалды. ҰБТ және ТКТ нәтижелері бойынша межелі деңгейге жете алмаған талапкерлерге тестілеуді ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі берілді, деп мәлімдеді ҚР БҒМ баспасөз қызметінен.

Қайта тапсыру қорытындылары бойынша емтиханға қатысқандардың барлығына тестілеуден алған балдары жазылған сертификат тапсырылды.

Қайта тестілеу нәтижесі бойынша шекті балл жинай алмаған талапкерлер ЖОО-ға ақылы негізде, бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін (1-курстың соңына дейін) күндізгі оқу бөліміне қабылданады. Осындай шарт негізінде қабылданған азаматтар бірінші академиялық кезеңнен кейін қайта тестілеуден өтеді. Осы мүмкіндікті пайдалана алмағандар ЖОО-дан шығарылады. Керісінше, тестілеуден жақсы нәтиже көрсеткендер оқуын жалғастырады.

Дереккөз: BNews.kz

23 тамыз 2016, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.