Атырау, 2 мамыр 11:52
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Владимир Козлов Алматыда баспасөз конференциясын өткізді

2 165 просмотра

Фото: Аzattyq.org Сот шешімімен жабылған оппозициялық "Алға" партиясының бұрынғы жетекшісі Владимир Козлов (суретте) бүгін Алматыда түрмеден босағаннан кейінгі алғашқы баспасөз конференциясын өткізді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, конференция өтіп жатқан Адам құқығы жөніндегі қазақстандық бюроның шамамен 20 адам сиятын залы лық толған. Конференцияға журналистерден өзге Козловтың жақтастары да қатысты. Жиында сонымен қатар жай киімдегі адамдар да оқиғаны гаджеттер мен қызметтік бейнекамераларға түсіріп отырды,- деп хабарлады Азаттық.

Баспасөз жиынын журналист және құқық қорғаушы Сергей Дуванов ашты. Ол Владимир Козлов саяси мақсатпен қудаланды деп мәлімдеді.

2012 жылғы қаңтарда қамауға алынып, қазанда жеті жарым жылға сотталған Козлов соңғы жылдары Алматы түбіндегі Заречный кентінің түрмесінде отырған. Оған қарсы түрлі дисциплинарлық жаза түрлері қолданылған еді. Саясаткер мұндай жаза түрлері өзін мерзімінен бұрын босатпау үшін жасалып жатыр деп санаған. Алайда екі апта бұрын Қапшағай қалалық соты оны мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

2011 жылғы желтоқсанда болған қанды Жаңаөзен оқиғасынан соң көп ұзамай ұсталған Владимир Козлов "әлеуметтік араздық тудырды" деп айыпталған. Жаңаөзенде полиция қарусыз ереуілшілерге оқ атып, 16 адам өліп, 100-ден астамы жараланған еді.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі ресми өкілі Козловтың бостандыққа шығуын жағымды жаңалық ретінде бағалаған.

Дереккөз: Аzattyq.org

22 тамыз 2016, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.