Атырау, 2 мамыр 08:25
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жамбыл облысының тұрғыны марихуананы тонналап сақтаған

3 251 просмотра

Жамбыл облысында екі тоннадан аса есірткі түрін сақтаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел алдын алу шаралары барысында полиция қызметкерлері Қызыл жұлдыз ауылының 36 жастағы тұрғынын ұстаған. Оның үйінен екі тонна және 19 келі кеппеген марихуана және 1,259 келі кептірілген есірткі табылып, тәркіленген. Есірткі дайындаушы өз кінәсін мойындады.

Осыған дейін, Ақтау қаласының жұмыссыз тұрғыны өз үйінде анашаның кішігірм плантациясын өсірген. 30 жастағы әйел адам марихуананы өз пәтерінің терезе алдында гүлдер өсіп тұрған жерде өсірген. Ол есірткіні қалай өсіру керектігін жақсы білген. Түптерді арнайы қауашақтарға салып, күн сайын суарып және ауа температурасын режимге сай ұстаған. Полицейлер 32 түпті анықтаған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

22 тамыз 2016, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.