Атырау, 22 желтоқсан 06:41
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ҚР Жер кодексіне өзгертулерге бес жыл мораторий Президент Жарлығымен бекітілді

2 571 рет қаралды

Фото: akorda.kzМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған Жарлық ҚР Жер кодексінің өзгерістеріне мораторийді бес жылға ұзартты.

ЖАРЛЫҚ

«Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің

2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы қаулы етемін:

1. «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 27, 150-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтағы «2016» деген цифрлар «2021» деген цифрларға ауыстырылсын.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

Дереккөз: Аkorda.kz

19 тамыз 2016, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.