Атырау, 10 мамыр 06:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Саудагерлер барахолкада шыққан өртті кеш хабарлаған - Алматы қалалық ТЖД

Бейнежазба
2 117 просмотра

Фото: Tengrinews.kzАлматыда "Олжа" базарында шыққан өрт туралы мәлімет кеш хабарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД "өрт сөндіру қызметі және апатты-құтқару қызметі" басшысының орынбасары Бағдат Шайзада хабарлады.

"2016 жылы 18 тамызда сағат 16.26-да "101" пультіне "Олжа" базарының қоймаларында өрт шыққаны туралы хабар түскен. 7 минут уақыт өткен соң оқиға орнына бірінші өрт сөндіру қызметтері жеткен. Олар қоймаларда ашық өртті көрген. Бұл хабарламаның кеш келіп түсуіне байланысты. Жалын өте қатты қарқынмен шарпып таралған. Өрт орнында адамдар заттарын аман алып қалуы үшін тұтынушылық тауарларды қауіпсіз жерге көшіріп жатқан. Қойылған көліктердің саны көп болған, өрт гидранттарында қысым аз болған. Өрт сөндірушілер келген кезде өрттің аумағы 1000 шаршы метрді құраған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр", - деді ол.

Еске салайық, Алматы барахолкасындағы өрт 21.55-те толығымен сөндірілді. Тікұшақтар 35 рет әуеден су құйды, бұған 100 тоннадан аса су қажет болды. Өрт Астана уақыты бойынша 21.55-те толықтай сөндірілді. Өрт үш мың шаршы метр аумаққа таралды.


Дереккөз: Tengrinews.kz


19 тамыз 2016, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.